Батыс Қазақстанға адамдарды қар құрсауынан құтқару үшін әскери техника жіберілді
Әскери бөлім көп мақсатты жеңіл брондалған трактор бөлді.Ақтөбе облысының тас жолдарында қарлы боранның астында қалған жолаушыларға әскерилер көмекке келді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Жолдарда полиция мен құтқарушылар әскерилермен бірге жұмыс істеуде. «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30238 әскери бөлімі адамдарды эвакуациялау үшін көп мақсатты жеңіл брондалған шынжыр табанды трактор бөлді.
Оқи отырыңыз: Астанада І ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
"Ақтөбеден 65 шақырым қашықтықтағы Ақжар ауылының аумағында әскери рейс экипажы жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде 26 азаматқа, оның ішінде екі айлық сәбиге көмек көрсетілді. Құтқару жұмыстары жалғасуда", – деп жазылған хабарламада.