Шамамен сағат 13.30-да аудан орталығы Чапаев ауылынан 11 шақырым жерде аң аулау кезінде 29 жастағы ер адам абайсызда аңшы мылтығынан 17 жастағы жасөспірімге қарай оқ атқан. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігіне (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады", – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Оқи отырыңыз: Елікті атып өлтірген Ақмола облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы басталды