Алматы қаласының прокуратурасы сауна ғимаратында балалар лагерін ұйымдастыру дерегінен кейін осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Осыған орай, бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті.

"Лагерьде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы, өрт қауіпсіздігі, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселелері тексеріледі. Сондай-ақ, 2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттеліп жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қазіргі таңда 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118-і – мемлекеттік, 100-і – жекеменшік және 630-ы – шатырлы лагерь.


Оқи отырыңыз: Балалардың жазғы демалысы: Ұлытау облысында бірде-бір қала сыртындағы лагерь жоқ