2023 жылы "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасы аясында 32,2 млрд теңгеге 3176 және "Шаңырақ" бағдарламасымен 39,7 млрд теңгеге 3610 ипотекалық несие беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың мәжіліс депутаттарына берген жауабынан белгілі болды.

"Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жетім балаларға 2% жарна бойынша, кезекте тұрғандардың қалған санаттарына 5% жарна бойынша табыстың шекті деңгейлерін қоспағанда және бастапқы жарнасы кемінде 10% міндетті түрде болатын жеңілдікті несиелер беріледі. Бұл ретте несиенің мақсаты әлеуметтік тұрғын үй сатып алу болып табылады" делінген ресми жауапта.

2019-2022 жылдары "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында жалпы сомасы 160,5 млрд теңгеге 14 938 несие, 2020-2022 жылдары "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 239,1 млрд теңгеге 19 394 несие мақұлданған.


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, "Бақытты отбасы" бағдарламасына 2023 жылы бірқатар өзгерістер енгізіледі.

Атап айтқанда, жеңілдетілген несие беруге негізделген бағдарламаға көпбалалы отбасылардан бөлек, жетім балалар, І және ІІ топ мүгедектігі барлар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысуға үміткерлердің табысы туралы талап алынып тасталды. Бұрын үміткер отбасының әрбір мүшесінің табысы 115 905 теңгені құрауы тиіс болған.

Үшінші және негізгі өзгерістердің бірі – қарыз сомасының шекті мөлшері жойылды. Егер бұрын үміткердің тұрғылықты жеріне байланысты 10-15 млн теңге аралығында несие берілсе, ендінесие сомасы пәтердің шаршы метрінің құнына қарай есептеледі:

  • Астана мен Алматыда 290 мың теңгеден;
  • Атырау, Маңғыстау облыстарында 240 мың теңгеден;
  • Шымкент қаласы, Қостанай, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында 220 мың теңгеден аспауы тиіс.