"Бақытты отбасы" бағдарламасымен Шымқалада кімдер баспана алатыны белгілі болды
"Бақытты отбасы" бағдарламасының нәтижесі baspana.kz маркетінде азаматтардың жеке кабинетіне шықты.
Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес қатысушылардың төлм қабілеттігін бағалау ағымдағы жылдың 7-30 қараша аралығында жүргізіліп, азаматтардың тұрғын үйді таңдау кезеңі биылғы 8 желтоқсаннан басталады. Іріктеу мерзімі аяқталған соң банк іректеуге арналған құжаттарды қабылдамайды. Аталған тұрғын үйлер Шымыкент қаласының Арғынбеков және Тұран шағын аудандарында орналасқан.
2022 жылы Шымкент қаласына "Бақытты отбасы 2-10-20" бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына оның ішінде:
- көпбалалы отбасыларға – 245;
- мүгедек бала асыраушы отбасыларға – 187;
- толық емес отбасыларға – 40 лимит бөлінді.
Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап "Отбасы банк" АҚ-ның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылған болатын.
Енді "Бақытты отбасы" бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.