Балабақша тәрбиешісінің балаға қол жұмсауына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Оқиға Қарағанды облысының Абай қаласында болған.Қарағанды облысында балаға қол жұмсаған тәрбиеші анықталды деп хабарлады Polisia.kz.
24 наурыз күні Instagram әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында Қарағанды облысы Абай қаласындағы балабақшалардың бірінде балаға қол жұмсап жатқан тәрбиешінің бейнежазбасы анықталды.
Оқи отырыңыз: Білім министрі жеке балабақшалар туралы: 25 балаға – күні бойы жалғыз тәрбиеші
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабына сәйкес (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала тергеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен 20 жастағы күдікті анықталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.