Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Біріккен Араб Әмірліктері резиденттерінің Қазақстанда визасыз болуына рұқсат берілмек. Атап айтқанда, БАӘ резиденттері Қазақстан шекарасынан өткеннен бастап визасыз отыз күн ел аумағында бола алады. 

"Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Біріккен Араб Әмірліктері резидентінің жеке куәлігінің иелері – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді", – делінген қаулы жобасында. 

Еске салайық, мұндай шешім бір жыл бұрын, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында қабылданған болатын. 


Оқи отырыңыз: "Ел азаматтары 39 елге ғана визасыз бара алады". Қазақстан паспортының беделі қандай?