Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасы шеңберінде көлікті өткізу кезінде қосымша жабдықтарды күштеп таңу бойынша автосалондар әрекеттерінің заңсыздығы туралы хабарлады.

"Егер аталған әрекеттер осы жабдықты жеткізуші басқа да нарық субъектілеріне залал келтірген немесе залал келтіруі мүмкін болған жағдайда, бұл монополияға қарсы заңнаманы бұзу болып табылады және 200-ден 1500 АЕК-ке дейінгі сомада айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа не субъектіні нарықта үстем жағдайға ие тану кезінде монополиялық кірісті тәркілей отырып, табыстың (түсімнің) 3-тен 5%-ға дейінгі мөлшерінде айналым айыппұлына әкеп соғады", – делінген агенттіктің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 4 пайыздық автонесие: Талапқа қандай көліктер сәйкес келеді?


Монополияға қарсы орган автодилерлерге тұтынушыларға қосымша жабдықтарды таңу фактілеріне жол берілмейтіні туралы ескертеді және жеңіл автомобильдерді бастапқы бөлшек саудада өткізу нарығын талдау рәсімінің басталғанын хабарлады.

Автомобильдерді сату кезінде қосымша жабдықтарды күштеп таңу фактілері орын алған жағдайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және монополияға қарсы органдарға жүгінуге болады.