Қазақстандықтар eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында автокөлікке VIP нөмірлерге тапсырыс бере алады. мемлекеттік тіркеу нөмір белгісінің (МТНБ) қарапайым нөмірлері бұл санатқа кірмейді, олар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

VIP нөмірге тапсырыс беру үшін келесі шарттарды орындау керек:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өту керек;
  • МТНБ жөғары сұраныс нөмірін іздеу (егер көрсетілген нөмір бос болмаса, басқасын енгізу керек. Ал бос болса, құны АЕК және теңгемен көрсетіледі);
  • Облысты, ХҚКО, МТНБ түрін таңдау;
  • төлем енгізу;
  • қол қою.

Қызмет нәтижесі туралы жауап  жеке кабинетке келеді. Дайын нөмірде өзіңіз таңдаған Халыққа қызмет көрсету орталығынан аласыз.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мопед пен велосипедке мемлекеттік нөмір тағу міндеттелмек