Олардың ішінде: жалдамалы жұмыс істейтіндер саны 6,9 миллион болса, өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны – 2,2 миллион. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросының Telegram арнасы жазды.

Салалар бойынша жұмыспен қамтылғандардың үлесі:

  • сауда – 16,6%;
  • білім – 12,9%;
  • өнеркәсіп – 12,3%;
  • ауыл шаруашылығы – 12,2%;
  • құрылыс – 7,1%;
  • көлік және қойма – 7%;
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,2%;
  • мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 5,8%;
  • басқа да қызмет түрлері – 3,9%;
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 3,1%;
  • әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету – 3%;
  • тұру және тамақтану қызметтері – 2,4%;
  • қаржы және сақтандыру қызметі – 2,2%;
  • ақпарат және байланыс – 2%;
  • жылжымайтын мүлік операциялары – 1,6%;
  • өнер, ойын-сауық және демалыс – 1,5%.

Өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жұмысшылар санының азаюы ауыл шаруашылығында байқалған. Бұл салада жұмысшылар саны өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 19 мың адамға, жылжымайтын мүлік операциялары бойынша 18,9 мың адамға, құрылыста 9,5 мың адамға, өнеркәсіпте 7 мың адамға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету бойынша 6,4 мың адамға, өнер және ойын-сауықта 6,3 мың адамға кем. Қалған өзге салаларда қызметкерлер саны өскен.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық әйелдердің көбі қай салаларда еңбек етеді?