Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі 2022 жылдың 1 шілдесінде іске қосылады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Олар жүйені 28 ақпанға дейін басқа мәліметтер базасымен, өңірлерде – наурыз-маусым айларында тестілеуді жоспарлап отыр.


Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы министрі: Көктемге қарай ет қымбаттауы ықтимал


Жүйе фермерлер үшін де, жергілікті атқарушы органдар үшін де тегін болады. Енді фермерлер "қолдау" жүйесіне бөлген 1,2 млрд теңгенің орнына бюджеттен 135 млн теңге ғана жұмсалады. Бұдан өзге, субсидияларды алушылар мен оны жөнсіз алғандардың тізімі, сондай-ақ, субсидияларды әділ бөлуге мүмкіндік беретін алушылардың күту парағы жасалатын болады.

Еске салсақ, маңғыстаулық шаруалардың мал азығының бағасын екі есе арзандатуды талап еткені туралы хабарлаған едік.