Ауруханаларда 83 адам ауыр халде жатыр
Қазақстан бойынша 2 265 адам медицина көмегіне жүгінген.Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тәртіпсіздік салдарынан ауруханаларда 83 адам ауыр халде жатыр.
Елдің әртүрлі өңіріндегі 2 265 адам медицина көмегіне жүгінген. Ең көп адам Алматыда – 1 100. Ал Алматы облысында 300-ге жуық адам жүгінсе, Қызылорда және Жамбыл облыстарында – 200 адамнан.
719 адам стационарлық ем қабылдап жатыр.