Ауа райына байланысты Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жол учаскелерін 18 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
"ҚазАвтоЖол" ауа райына байланысты республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.
2025 жылғы 17 ақпан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:
Солтүстік Қазақстан облысы:
- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 794-946 шақырым арылығы (Бескөл ауылы - Сергеевка қаласы);
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 729-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Қостанай облысының шекарасы);
- "Мамлютка-Қостанай" автожолының 0-180 шақырым аралығы (Мамлютка қаласы - Қостанай облысының шекарасы);
- "Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" автожолының 58-119 шақырым аралығы (Тимирязево ауылы - KАZ13 жолы);
- "Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы" автожолының 0-32 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Тимирязево ауылы).
Қостанай облысы:
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 683-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы);
- "Мамлютка-Қостанай" автожолының 180-250 шақырым аралығы (СҚО шекарасы - Ұзынкөл ауылы).
Ақмола облысы:
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы-Жақсы ауылы).
Жол учаскелерін 18 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.