Біріккен Ұлттар Ұйымы Жаһандық шартына Атыраудағы West Dala компаниясы қазақстандық қалдықтарды кешенді басқарумен айналысатын кәсіпорындар арасында бірінші болып қосылып, халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі атанды.

"Қазақстандағы қалдықтарды кешенді басқару саласындағы көшбасшылардың бірі және жауапты жұмыс беруші бола отырып, біздің компания БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу   үшін кезең-кезеңімен корпоративтік ESG-өзгерісін бастады", – деді компанияның бас директоры Қайрат Салахаденов.

Ол кәсіпорынның БҰҰ Жаһандық шартына қосылуы – ұзақ мерзімді стратегиялық қадам екенін айтты.

"БҰҰ Жаһандық шартына қосылу компанияға жаңа құзыреттер мен білімге қол жеткізуге, тәжірибемен алмасуға және әртүрлі әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешу үшін халықаралық бизнес қауымдастығымен тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретініне сенімдімін", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Әлемді жаяу шарламақ 73 жастағы ақсақал Гиннесс рекордтар кітабына енуді көздеп отыр


Атыраудағы эко компания халықаралық және отандық озық тәжірибені енгізе отырып, 2005 жылдан бастап қалдықтарды кешенді басқаруды жүзеге асыруда. Кәсіпорынның Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында полигондар мен мамандандырылған жабдықтарды қоса алғанда, қоқыс өңдеумен айналысатын 7 ірі кешені бар.