5 сәуірден бастап Құлсары мен Атырау аралығында 5 вагондық пойыз жолға шығып, ол жолаушыларды тегін тасымалдайды, деп хабарлады Атырау облысы Жылыой ауданының баспасөз қызметі

Бүгін сағат 10:30-да пойыз Құлсары станциясынан Атырауға жүретін болса, 19:00-де Атыраудан Құлсарыға жолға шығады. 

"Сондай-ақ, жолаушының сұранысы негізінде, жолсерікке алдын ала ескерту арқылы Шоқпартоғай және Мақат станцияларына тоқтайтын болады", – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Еске салайық, Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Құлсары – Жылыой ауданының орталығы. Қалада көпір уақытша жабылды. 

Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елдімекеніне су кірген. Қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері Қарағай тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. 

"Елдімекендегі су тасқынына байланысты Құлсары қаласында үш қабылдау орны ашылды. Олар – №1, 8 және 18 орта мектерінің ғимараты", – делінген әкімдік хабарламасында.