Астанадан Қызылордаға күнделікті рейс іске қосылады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

13 қаңтардан бастап Астанадан Қызылордаға күнделікті тұрақты түрде жолаушылар ұшағы ұшатын болды. Бұл бағыттағы рейстерді Qazaq Air әуекомпаниясы жүзеге асырады.

  • IQ 425 Астана (17:50) – Қызылорда (19:40)
  • IQ 426 Қызылорда (20:10) – Ақтөбе (22:10) бағытында ұшады.

Ведомствоның мәліметінше, күнделікті тұрақты рейстер Қызылорда облысының сауда-экономикалық, туристік әлеуетін дамытады, сонымен қатар көлік қызметтері қолжетімді болады.