Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Шәлекенов Санжар Болатұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, PhD-Doctor der Medizin (Германия), Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің урология және андрология кафедрасының доценті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ урология кафедрасының доценті.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің "Емдеу ісі" мамандығы бойынша, "Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында" "Хирургия" мамандығы бойынша интернатураны, клиникалық ординатураны бітірген.

Біліктілігі – "Уролог-онколог". "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша "Қазақстандық медицина университетінде магистратураны бітірген.


Оқи отырыңыз: Қандай әдеттер қатерлі ісікке әкеледі? Зерттеу қорытындысы.


Санжар Болатұлы еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының №12 орталық қалалық клиникалық ауруханасында уроандрология бөлімшесінде бастаған. Содан кейін Алматы қалалық дәрігерлерді жетілдіру институтында урология кафедрасында клиникалық ординатор болып жұмыс істеді.

2021 жылғы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының "Ұлттық ғылыми онкология орталығында" ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі Басқарушы директор лауазымын атқара отырып, Нұр-Сұлтан қаласының "Ұлттық ғылыми онкология орталығының" Басқарма Төрағасының ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарды.

2023 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында Астана қаласының "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарды.


Оқи отырыңыз: Шетелде ғылыми тағылымдамадан қалай өтуге болады? Маңызды 15 сұраққа жауап.