Астанада 27 сәуірден бастап жылу беру маусымы аяқталады, деп хабарлады қала әкімдігі.

"Ауа райының қолайлығына байланысты 27 сәуірден бастап жылуды кезең-кезеңімен өшіру туралы шешім қабылданды", – деп жазылған хабарламада.

Жылу алдымен тұрғын үйлерде, одан кейін әлеуметтік нысандарда өшіріледі.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірлерінде электр және жылу жабдықтары әбден тозған?


Айта кетейік, қала мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы шешіміне сәйкес, жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім сырттағы ауа температурасы бес күн бойы +10°С жоғары болған кезде қабылданады.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 26 сәуірде Астанада ауа температурасы күндіз +22-24°С болады.