Астанада жыл басынан бері 205 рұқсат етілмеген полигон жойылды
Астанада жыл басынан бері 205 рұқсат етілмеген полигон жойылдыЖыл басынан бері қаланың бес ауданында 139 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
- Алматы ауданы бойынша 115 учаске жойылып, 47 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды (6 528 рейс);
- Байқоңыр ауданында 10 учаске жойылып, 7 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды;
- Есіл ауданы бойынша 15 нүкте жойылып, 19,4 мың тонна қоқыс шығарылды;
- Сарыарқа ауданы бойынша 28 стихиялық қоқыс орны пысықталды, олардан 30 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды;
- Нұра ауданында жойылған 37 нүктеден 36 мың тонна қоқыс шығарылды.
Астанада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен қоқыс жинауға арналған қалалық ҚТҚ полигонының жанында уақытша алаң белгіленді, ол Алаш, 64 тас жолында орналасқан.
Биыл жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 8 875 құқық бұзушы анықталды, оларға 136 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар қоқысты рұқсатсыз түсіргені үшін 161 жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн 200 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
"Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.