Астана әкімдігі қалада жылу қашан өшетінін хабарлады.

Бүгіннен бастап үйлерге жылу беру тоқтатылады.

"Қолайлы ауа райы жағдайының қалыптасуына байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 19 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады", – деп жазылған хабарламада.

Демалыс күндері: 20 және 22 сәуірде Қазақстанда жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтілуде.


Оқи отырыңыз: Демалыс күндері Қазақстанда күн ашық болады


Ауа күндіз батыста және оңтүстікте 25-32, солтүстік пен орталықта 20-28, ал шығыста 17-25 градусқа дейін жылынады.