Астана қаласында 31 мамырдағы жағдай бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты қандай көшелер жабылғаны белгілі болды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Толығымен жабылған көшелер:

  • Ж. Ташенов көшесінің қиылысы бойынша Ж. Ташенов көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі учаскеде;
  • Е. Брусиловский көшесі бойынша Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі учаскеде;
  • Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін (осыған байланыста Қабанбай батыр-Сығанақ көшесі және Қабанбай батыр-Алматы көшесі ашық).

Тұрғын алаптардағы көшелер:

  • Өндіріс көшесі бойынша Бектау көшесінен Ақбидай көшесіне дейінгі учаскеде;
  • Ш. Бөкеев көшесі бойынша Р. Дүйсенбаев көшесінен тұйыққа дейінгі учаскеде;
  • Титов көшесі бойынша Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
  • Сұлукөл көшесі бойынша Еңлік Кебек көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
  • Абат-Байтақ көшесі бойынша Қ. Байсейітовадан Ш. Бейсекова көшесіне дейін.

Оқи отырыңыз: Алматы әуежайының қызметкерлері 50-ден астам телефон ұрлаған


Ішінара жабылған көшелер:

Тәуелсіздік даңғылы – Р. Қошқарбаев көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс екі бағыттың бір жағы бойынша қамтамасыз етілген – 1 маусымда қозғалыс төменгі қабатта қамтамасыз етілетін болады).

Бөгенбай батыр даңғылы мен Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысы (бұл ретте қиылыстағы қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады).