Қазақстанда 20 жоғары оқу орнының базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау қолға алынды. Бұдан бөлек елімізде "Болашақ" бағдарламасы аясында жеке квота енгізілді, деп мәлімдеді премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

"Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Сондай-ақ, "AI-Sana" бағдарламасы енгізілді. Оның аясында биыл 100 мың студентке экономиканың түрлі саласына ЖИ енгізу бойынша қолданбалы дағдылар оқытылады. Astana Hub табысты стартап-жобалар дайындайтын тиімді алаңға айналды", – деді Олжас Бектенов. 

Бүгінде онда өнімдерін әлемнің түрлі еліне экспорттайтын 1,6 мыңға жуық IT-компания тіркелген. 


Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект адамзатқа қауіп төндіре ме