Астанада халықаралық волонтерлік орталық ашылады
Сондай-ақ, бас қалада халықаралық волонтерлер форумы өтеді.20-21 маусымда Астана қаласында "Тектегі ізгілікті оят" ұранымен халықаралық волонтерлер форумы өтеді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі хабарлады.
Министрдің жазуынша, жиынға қатысуға қызығушылық танытқандардың көптігіне және волонтерлердің ұсынысына орай, өңірлік қатысушы-волонтерлерді іріктеу конкурсы өткен. Оның қорытындысына сәйкес 80 волонтер өңірлік делегат ретінде таңдалды. Алыс-жақын шет елдерден делегаттар қатысады.
"Сондай-ақ, арнайы акциялар ұйымдастыру жоспарда бар. Алдағы уақытта Астанада халықаралық волонтерлік орталық ашылатынын да атап өткіміз келеді", – деп жазды министр.
Оқи отырыңыз: "Жақсы көретінімді жеткізіңізші". Интернет бұғатталғанда еріктілер адамдардың хабар алысуына қалай көмектесті?
Айта кетейік, форумның жұмысымен оның ресми сайты арқылы танысуға болады.