Астанада Тұран даңғылының әуежайдан өтетін бөлігі 25 мамырға дейін жабылады
Жолдың арғы бетіндегі бөлігінде жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысына жол ашылды.23-25 мамыр аралығында Тұран даңғылының Хусейн бин Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігінде әуежайдан қалаға қарай бір жағы жабылады, деп хабарлады Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Ведомствода Тұран даңғылы – Хусейн бен Талал көшесі мен Тұран даңғылы – Ұлы Дал даңғылы қиылыстары ашық болатынын атап өтті.
"Бұхар жырау көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі аумақтағы Тұран даңғылының бойындағы бұрын жабылған учаске, сондай-ақ Ұлы Дала даңғылынан қала жағынан Хусейн бин Талал көшесіне дейін әуежай бағытындағы учаскелер ашық", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысының шекарасы өзгерді