Өткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 28 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 13 қарашадағы күндізгі ауысымда қала көшелерін қар мен мұздан 2,6 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1,5 мыңға жуық арнайы техника тазартады.

"12 қарашадан 13-іне қараған түнде Астанадан 28 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 1,9 мыңнан астам ауыр жүк көлемін құрайды. Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 154 мың текше метрден астам қар 12 189 рейспен шығарылды. Ең алдымен, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды көшелер тазартылады. Сонымен қатар орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады", – делінген хабарламада.