Орталық касса мен "Сапаржай" автовокзалында орналасқан кассалар қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Жабылатын кассалар:

  • 14 наурыз күні – Қабанбай батыр даңғылы, 5 мекенжайындағы елордалық цирк ғимаратында орналасқан касса;
  • 28 наурызда – Петров көшесі, 24 мекенжайындағы "Еуразия" СҮ касса.

Ал орталық касса мен "Сапаржай" автовокзалында орналасқан кассалар қалыпты жұмыс істейді.

Бүгінде Астана қаласында енгізіліп жатқан жаңа төлем жүйесі көлік картасының теңгерімін кассаға бармай, қашықтан және лезде толықтыруға мүмкіндік береді.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық "Отбасының цифрлық картасы" жобасы халықаралық сыйлыққа ие болды


Көлік карталарын астананың сауда нүктелерінде төлем терминалдары арқылы толықтыруға да болады.