Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды қалалық білім бөлімі.

"23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл күндері Қазақстанның орталығы мен шығысында 40 градус аяз болады.