Астанада дөнер сататын дүкенде жарылыс болып, өрт шықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Елорданың Алматы ауданындағы Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан дөнер цехында газ-ауа қоспасы жарылыс тудырып, содан кейін өрт шықты", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Жарылыс салдарынан өрт жақын маңдағы көкөніс сататын дүңгіршекке өтіп, көлікті зақымдаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен өрт алдын ала 24 шаршы метр аумаққа оқшауланды. Сағат 23:46-да оның толығымен жойылғаны туралы хабарлама келді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек.