Астанада ауа райының нашарлауына байланысты қала маңындағы бағыттардың қозғалысы мен үш бағыттағы тас жолға қатынау уақытша тоқтатылды.

Ауа-райының нашарлауына байланысты, қала маңына қатынайтын № 308, 309, 315, 316, 317, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылып тұр. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар жұмысын жалғастыруда.

Көрінудің нашарлығына және көктайғаққа байланысты жолдардың келесі учаскелері де жабылды:

Республикалық маңызы бар Астана – Ерейментау – Шідерті (16-159 км) тас жолының Астана – Ерейментау учаскесіндегі қозғалыс: көліктің барлық түрлері үшін жабық.

Республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы тас жолындағы Жібек жолы ауылы (Ақмола облысы) – Қарағанды ​​облысының шекарасы (1292-1353 км) жолының учаскесіндегі қозғалыс: қоғамдық және жүк көліктері үшін жабық.


Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер


Республикалық маңызы бар Астана – Петропавл (18-234 км) тас жолында, Астана – Щучинск учаскесінде қозғалыс: көліктің барлық түрі үшін жабық