Астана қаласында 1 маусымнан бастап алғаш рет №55 айналмалы бағдары іске қосылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлады.

Бағыт елорданың "Министрліктер Үйі", "Хан Шатыр" СОО», "Гүлжан" СҮ", "Р.Бағланова атындағы Қазақконцерті", "Е. Рахмадиев атындағы филармония" сияқты негізгі көлік тораптарын қамтиды.

"№ 55 бағдардың бірыңғай соңғы аялдамасы «№2 Ақмола облыстық ауруханасы» болады. Бағытын нөмірлеудегі әріптер бойынша анықтауға болады: А – сағат тілімен, Б – сағат тіліне қарсы", – деп жазылған хабарламада.

Бағдармен Iveco Urbanway маркалы 20 автобус жүреді. Қозғалыс аралығы 8-15 минутты құрайды.


Оқи отырыңыз: Астанада тағы 40 жаңа автобус жолға шықты


Айналмалы бағдар қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға және негізгі магистральдік көшелердің көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 23 бағдардың жүктемесін азайтуға ықпал етеді. (№№ 5, 5А, 8, 9, 11, 13, 17, 22, 22А, 23, 26, 28, 31, 32, 33, 46, 50, 51, 53, 56, 60, 66, 73).