FlyArsytan әуе компаниясы еліміз бойынша өзінің маршруттық желісін кеңейтуді жалғастыруда. Бұл қатарға екі жаңа бағыт қосылды: Астана-Өскемен-Астана және Алматы-Ақтөбе-Алматы рейсітеріне бойынша билеттер сатылымға шықты. бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Астана-Өскемен-Астана бағыты бойынша рейстер аптасына 3 рет: сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады. Әуебилеттердің құны 7000 теңгеден басталады. Ал Алматыдан Ақтөбеге және кері ұшатын рейстер аптасына 4 рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады. Бұл бағыт бойынша әуебилеттердің бағасы 10300 теңгеден басталады.


Оқи отырыңыз: Өзбекстанның лоукостер компаниясы 5 маусымнан бастап Алматы-Ташкент бағытында ұшады.


Енді Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 1 сағат 15 минутта Астанаға жетіп, түйісу рейстерінің көмегімен Қазақстанның басқа да ірі қалаларына, сондай-ақ шетелге, Кутаиси, Баку, Ташкент және Үрімші сияқты шаһарларға қатынай алады.