Астана мен Алматыдан да қымбат: Оралда жолақы бірден 40 теңгеге қымбаттайды
Ал қолма-қол төлем 200 теңге болмақ.Ашық НҚА порталында жарияланған Орал қаласы әкімдігінің қаулы жобасына сәйкес, қалада жолақыны қымбаттату жоспарланып отыр.
"Орал қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгіленсін: Жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 120 теңге; жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге", – деген қаулы жобасында.
Сәйкесінше, Орал қаласында жолақы Астана мен Алматы қаласынан да қымбат (бұл қалаларда жолақы 100 теңге) болмақ.
Оқи отырыңыз: Алматыда жолақы 100 теңге болады. Қолма-қол төлем – 200 теңге
Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 10 қазанға дейін.