"Астана-Ақтөбе" Тальго пойызы 19 қыркүйектен бастап Оралға дейін қатынайды
Пойыз күн ара шамамен 350 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді."Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Астана мен Орал арасын Тальго пойызымен қайта жалғау туралы шешім қабылдады. Пойыз 19 қыркүйегінен бастап қатынайды.
"Орал қаласының тұрғындарынан түскен көптеген өтініштерге байланысты 2024 жылдың 19 қыркүйегінен бастап №81/82 "Астана-Ақтөбе" Тальго пойызының маршруты Оралға дейін ұзартылды. Пойыз күн ара қатынайды", – делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарламасында.
Жоспар бойынша, пойыз күн ара шамамен 350 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Пойыз Астана, Қостанай, Ақтөбе және Орал сияқты ірі қалаларды қоса алғанда, 15 станцияда аялдайды.
Тальго пойызына билеттер қазіргі таңда сатылымға шыққан.
Оқи отырыңыз: Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
Еске салайық, бұрын Астана мен Орал арасында қатынаған Тальго пойызы экономикалық тиімсіздігіне байланысты тоқтатылған болатын.