Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі. Жаңадан жоспарланып отырған бастамалар қатарында әскери қызметін өтеп жүрген жастарға онлайн курстар ұйымдастыру бар. 

"Қазір олардың әскери қызметті өткеруіне байланысты білім алуға мүмкіндіктері көп емес. Сол себепті олар үшін жаппай онлайн курстар ашуды жоспарлап отырмыз. Біз сондай-ақ сарбаздардың оқу нәтижелерін қайта тексеруге және қысқа мерзімді курстардан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырып, оларға жұмысшы мамандығын алғаны туралы диплом беруге дайынбыз", – деді білім министрі.


Оқи отырыңыз: Әлеуметтік осал отбасы балалары аптасына 3 қосымша сабақ оқи алады


Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов кейбір әскери бөлімдерде колледждер ашу мәселесі де қарастырылып жатқанын хабарлады. Ол бойынша талдау жүргізіліп, нақты шешім қабылданады.

Білім және ғылым министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп қолға алып жатқан жобалардың толық тізімімен Асхат Аймағамбетовтың facebook желісіндегі жазбасынан таныса аласыздар.