Астана қалалық соты Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты екі эпизод бойынша шешім шығарды.

Үкімді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Кемеңгер Имашев жариялады. Барлығы төрт айып бойынша сот Арыстанбек Мұхамедиұлын 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Оған "Алтын адамның шеруі" көрмесін өткізу кезінде ұрлық жасады және билігін асыра пайдаланды, сондай-ақ Астанадағы "Дипломат" қонақүйін сатып алуға қатысты рейдерлік әрекет жасады деген айып тағылды.


Оқи отырыңыз: Арыстанбека Мухамедиулы приговорили к 11 годам заключения


Алғашқы үкім – 8 жылға бас бостандығынан айыру – Мұхамедиұлына былтыр жазда шығарылған. Ақпан айында экс-министр тергеу изоляторында отырғанда пара алуға әрекеттенгені үшін тағы үш жыл берілді.