Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды" – делінген хабарламада.