Ақтөбенің іргесіндегі төрт ауылдың тұрғындары автобустың қорлығын көріп жүр
Тұрғындар аялдамада автобусты сағаттап күтеміз дейді.Ақтөбенің іргесіндегі төрт ауылдың тұрғындары қалаға қатынай алмай отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Себебі, шаһарға баратын жалғыз бағыттағы автобустың саны аз.
Таңғы және кешкі қарбаласта қоғамдық көлікке сыймай қалған адамдар такси шақырып, амалдап жүр. Шағын әрі ескі автобустар қайта-қайта бұзылып, қараша аялдамада сағаттап тұрады екен.
Қоғамдық көліктің қорлығын қала іргесіндегі төрт бірдей ауыл тұрғындары көріп отыр. Шағын әрі ескі автобусқа күн сайын отыратын қараша дәл осылай қыстырылып-қымтырылып шаһарға әрең жетеді. Себебі, халықтың дені Ақтөбеде жұмыс істейді. Қаладағы колледж бен университетте білім алатын студенттер де аз емес.
Тұрғындар аялдамада автобусты сағаттап күтеміз дейді. Себебі, қалаға қатынайтын қоғамдық көліктің саны аз.
Оған қоса, таңғы және кешкі қарбаласта автобусқа халық сыймай, діттеген жеріне таксимен баруға мәжбүр. Нақтырақ айтсақ, Бауырластар 1,2,3 және Сазды ауылдарынан қалаға жалғыз 43-ші бағыттағы автобус қатынайды. Қоғамдық көліктің саны да санаулы.