Жазғы маусымда туристерден Ақтөбе мен Түркістан қаласына сұраныс өскен. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Биыл туристердің екі қалаға деген қызығушылығы 40 пайызға артты. Сондай-ақ, Алакөл, Балқаш және Зайсан курортты аймақтарына сұраныс 5 есеге жоғарылаған. Атап айтқанда, Үшарал, Балқаш, Зайсан және Үржарға сұраныс өскен" – делінген хабарламада.

Айта кетейік, еліміздің топ-5 туристік бағытына Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау кіреді. Бес шаһар дәстүрлі түрде осы рейтингте көш бастап тұр.