Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады
21 маусымда Германия Президенті бастаған делегация Маңғыстау облысына барады.Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыртуымен келген Германия Федеративтік Республикасының президенті Франк-Вальтер Штайнмайер бастаған неміс делегациясымен кездесу өтті.
"Келіссөз үстелінде Yessenov University (YU) президенті Берік Ахметов пен Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) президенті Роммель Волрад Ақтау қаласындағы Yessenov University базасында қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісімге қол қойды" – делінген хабарламада.
21 маусымда Германия президенті бастаған делегация Маңғыстау облысына барады.