Ақтауда автокөлік жуу орталықтарының жұмысы шектеледі
Сондай-ақ, жасыл желектерді суаруға да уақытша шектеу қойылады.Ақтауда орталық сумен жабдықтау тораптарындағы ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында 9 шілдеден, яғни бүгіннен бастап автокөлік жуу орталықтарының жұмысы мен жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"МАЭК" ЖШС 08.07.2024 жылғы №21 телефонхатына сәйкес, Ақтау қаласының сыртқы ауа және теңіз температурасының жоғарылауына, сондай-ақ ауыз суды тұтыну көлемінің өсуіне байланысты орталық сумен жабдықтау тораптарындағы ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы барлық көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады.
Қала әкімдігі "МАЭК" ЖШС 08.07.2024 жылғы №21 телефонхатына сәйкес, "Каспий жылу, су арнасы" МКК-ға көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қою жөнінде хат жолдады. Осыған байланысты қала әкімдігі мен "МАЭК" ЖШС көлік жуу орталығының иелерінен түсіністік танытуды сұрайды.
Оқи отырыңыз: Өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін: бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды