Ақтау-Жаңаөзен тас жолында төрт көлік соқтығысты: жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапты
Апатқа кінәлі адам бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қазан күні сағат 14:00 шамасында Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 43-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы lada.kz жазды.
Жолда "КамАЗ", Volkswagen Sharan, Lada және "ГАЗ 330253" маркалы 4 көлік соқтығысты.
"Жол-көлік оқиғасында Lada көлігіндегі 49 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен 4 адам облыстық ауруханаға жеткізілді", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 25 мыңнан астам жол белгілері жетіспейді.
Полиция қызметкерлері бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін атап өтті. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.