АҚШ-та 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салынды
Заң әзірге Флорида штатында ғана күшіне енді.
АҚШ-тың Флорида штатында 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салынды, деп хабарлады АҚШ басылымдары. Енді Флоридада балалар әлеуметтік желіде аккаунтын аша алмайды.
"Сондай-ақ, Facebook, Instagram және TikTok желілерінде 14 жасқа дейінгі балалардың атына бұрын ашылған аккаунттар жойылады. Егер платформа иелері бұл талаптарды орындамаса, үстінен азаматтық шағым түсіріледі", – делінген хабарламада.
Флорида өкілдер палатасының түсіндіруінше, бұл заңды қабылдаудағы мақсат – балаларды зорлықшылардан қорғау және балалардың психикалық денсаулығына әлеуметтік желілердің кері әсерін болдырмау.
Оқи отырыңыз:
- TikTok қызметі қандай екі жағдайда шектелетінін Олжас Бектенов түсіндірді
- TikTok желісін бұғаттағаннан Қазақстан ұта ма, ұтыла ма? Сарапшылар талдауы