2025 жылғы 29 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы "Шымкент–Каир" бағытында Мысырға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Көлік министрлігі.

"Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", – делінген хабарламада.

Рейстер аптасына екі рет - дүйсенбі және сәрсенбі күндері - Boeing 737-800 және Boeing MAX 8 ұшақтарымен орындалады.