Антикор қоқысты дұрыс емес жерге төккен мемлекеттік кәсіпорынға қатысты 21 іс қозғады
Тәртіп бұзушы 4 098 120 теңге айыппұл төлеген.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер бастамасымен «Коммуналщик» ШЖҚ -ға қатысты 21 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Бұл туралы облыс бойынша Антикор департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тәртіп бұзушы 4 098 120 теңге айыппұл төлеген.
"Ерікті әлеуметтік желілерді бақылай отырып, Қандыағаш қаласының аумағын ластауға әкеліп соқтырған кәріз суларының рұқсатсыз ағу фактісін анықтады. Ол Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен табиғатты қорғау департаментіне арызданды", – деп жазылған хабарламада.
Аудит барысында экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталды:
- ағынды суларды төгудің қосымша көздері,
- жердің ластануы,
- өндірістік қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру және есеп беру саласындағы бұзушылықтар.
Оқи отырыңыз: "Бадам өзенінде бақа да қалмады". Тұрғындар суды ластаған кәсіпорындарға қарсы
Серіктестікке қатысты 21 іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
Компания 2000 жылы ашылған. Ол жылу магистральдарын, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін басқарады.