Антикор бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын растады.
Бір күн бұрын Антикор бұрынғы министрдің ұсталғаны туралы хабарлағанымен, қамауға алынған адамның аты-жөні жария етілмеді.
"Ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екенін растаймыз. Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Әділет министрлігі: Алаяқтар тұлғаның жеке деректерін алатын жаңа әдіс тапты.
Антикор Бекетаевтың елден шықпақ болған жерінде ұсталды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме бере алмады.
Марат Бекетаев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін 2016-2022 жылдар аралығында басқарды. 2022 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.