Brand Finance компаниясы әлемдегі ең қымбат брендтердің есебін жариялады. Amazon құны 350,3 млрд АҚШ долларынан 299,3 млрд АҚШ долларына түсіп кеткеніне қарамастан рейтингте бірінші орынға жайғасты. 

Биыл Amazon бренді 50 миллиард АҚШ долларын жоғалтты. Клиенттерге қызмет көрсету сапасы, жеткізу мерзімінің артуы секілді факторлардан соң тұтынушылар Amazon-ды басқаларға ұсынуды азайтқан. Пандемия кезіндегі шектеулер алынып тасталғаннан кейін адамдар онлайн сауда жасағаннан гөрі, бұрынғыдай өздері сатып алуға көшкен.

355,1 млрд АҚШ долларына бағаланған Apple құны 297,5 млрд АҚШ долларына түссе де, әлемдегі екінші қымбат бренд болып отыр. 

Иллюстрация: Global 500 2023

Оқи отырыңыз: 


Рейтингте барлығы 48 технологиялық бренд бар. 2022 жылы олардың саны 50 болған еді. Биыл Snapchat пен Twitter рейтингке кірмеді. Технологияға бағдарланған Samsung Group, Alibaba.com, Facebook, WeChat секілді брендтердің де құны күннен-күнге түсіп жатыр. 

Технология секторында қызметтерін коммерцияландыру бойынша стратегияларын жақсы жүзеге асырудың арқасында Instagram (42%-ға, 47,4 млрд АҚШ долларына дейін) мен LinkedIn (49%-ға, 15,5 млрд АҚШ долларына дейін) брендтерінің құны өсті.

Электромобиль шығаратын Tesla мен BYD брендтерінің де құны артып келеді, себебі төмен көмірсутекті экономикаға көшуге байланысты электромобильдерге сұраныс артып келеді.