Алтай Көлгінов референдумда дауыс берді
Референдумға 11 миллионнан астам қазақстандық қатыса алады.Елорда әкімі Алтай Көлгінов референдумда дауыс берді.
"Бүгін тарихи күн. Ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс бердім. Осылайша азаматтық парызымды орындап, еліміздің одан әрі дамуы үшін өз дауысымды бердім", – деді қала әкімі.
Референдумға 11 миллионнан астам қазақстандық қатыса алады.
Қазақстан азаматы ЖСН нөмірі арқылы өзінің учаскесін таба алады. Ал табылмаған жағдайда, ақпарат ресурсының соңында әкімдіктердің call орталығының тізімі шығады. Солардың біріне хабарласып, қайда барып дауыс беру керегін білуге болады.
Оқи отырыңыз: Сенат депутаты: Референдум – саяси жүйені реформалаудың нышаны
Референдумға қатысушыларға бір ғана сұрақ қойылады. Ол – "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулармен келісесіз бе?".
Өзгерістер топтамасын қолдап, не қарсы болып жауап беруге болады. Егер қатысушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берсе, референдум өткізілді деп танылады. Ал өзгертулерді қабылдау үшін референдум қатысушыларының 50 пайыздан астамы қолдап дауыс беруі керек.