Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы өткен жылы қаланың таулы аймақтарында заңсыз құрылыс салудың 54 фактісін анықтады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"44 нысан бойынша сотқа талап-арыз берілді, 31 талап-арыз бойынша оң шешім қабылданды. Қалған талап-арыздар қаралуда", – деп  жазылған хабарламада.

31 талап арыздың 25-і заңды күшіне енсе, апелляциялық сатыда алты іс қаралуда. Жалпы 2023 жылы құрылыс нысандарын 1074 жоспардан тыс тексеру барысында 1140 заң бұзушылық анықталғаны атап өтілді.


Оқи отырыңыз: Соттың шешімімен Алматы тауларындағы заңсыз құрылыс бұзылады