Алматының бас сәулетшісі: Қалада жан басына шаққанда бір ғимараттан болуы керек
Алмасхан Ахмеджанов апатты тұрғын үйлер жағдайына тоқталды.Әр қалада жан басына шаққанда бір-бір ғимараттан болуы тиіс. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің алдындағы алаңдар да арнайы есеппен салынуы керек. Ал дәл есеп жүргізуге халық санағы көмектеседі, деп мәлімдеді Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.
"Қалада жан басына шаққанда бір ғимараттан болуы керек. Ал қанша ғимарат керек екенін қалай санаймыз? Мысалы, есеп бойынша, бір мың адамға 180 баладан келеді делік. Кейін осы санға қарап 6-10 жылдан кейін нақты қанша ғимарат салу керектігін алдын ала анықтаймыз. Кез келген ғимараттың құрылысы кемінде бір жыл бұрын жоспарланады. Кейін құрылыстың өзі бір жылға дейін созылуы мүмкін", – деді Алмасхан Ахмеджанов.
Сондай-ақ, басқарма басшысы апатты тұрғын үйлер жағдайына тоқталды. Айтуынша, жаңа үйлермен қатар олардың алдындағы алаңдар да есеппен салынуы тиіс.
"Статистикалық мәліметтерге сүйенгеннің өзінде ол жерде орташа цифрды алады. Бірақ, шын мәнінде, бір адам 10 шаршы метрде, ал екінші бір адам 25 шаршы метр жерде тұруы мүмкін. Сол себепті бізге арнайы санақ жүргізіп, адамдардың жағдайын білу маңызды. Мысалы, "архитектуралық келбетті түзу ережелері" деген құжат бар. Осы құжатқа сәйкес, жан басына шаққанда алаңның көлемі 10 шаршы метрден болуы керек. "Алматыда халық саны 2 миллионға жетті" деп айтып жүр. Бірақ, шын мәнінде, тұрғындар саны бұдан да көп болуы мүмкін", – деп қосты Алмасхан Ахмеджанов.
Мұнымен қатар, ол мұндай шаралардың болашақта "ы" деген сыныптардың пайда болмауына әсер ететінін айтты.