2023 жылғы 1 қарашадан бастап 20 желтоқсанға дейін Алматы қаласында үй жануарларын тегін чиптеуге және тіркеуге болады. Аталған бағдарлама 15 мың үй жануарын қамтиды деп жоспарланып отыр. Бұл туралы қаланың кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады. 

Заңнамаға сәйкес, барлық үй мысығы мен итте болюс, чип, білезік, электронды белгі, сырға немесе арнайы таңба болуы тиіс.

Tanba есепке алу бірыңғай базасында тегін чиптеу және тіркеу рәсімі келесі ветеринариялық емханаларда жүргізіледі:

  1. Allvet, мекенжайы: Төле би көшесі, 279 Б, тел: 8 (747) 438-38-87;
  2. "Мастино", мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217, тел: 8 (707) 327-44-88;
  3. "Барыс", мекенжайы: Райымбек   даңғылы, 223 "Б", тел: 8 (707) 123-49-00;
  4. "Ветстанция", мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 49, тел: 8 (701) 757-77-27;
  5. MedVet, мекенжайы: Луганский көшесі, 54/1В, тел: 8 (708)699-19-43;
  6. Dog premium, мекенжайы: Грибоедов көшесі, №105, тел: 8 (707) 339-33-28;
  7. "Хвостики", мекенжайы: Жандосов көшесі, 54, тел: 8 (708) 983-43-13;
  8. "Айболит", мекенжайы: Абай даңғылы, 26, тел: 8 (708) 972-02-07.

Оқи отырыңыз: Иті мен мысығын тіркемеген азаматтарға 30 мың теңге айыппұл салынады


"Жануар иесі жоғарыдағы клиникалардың біріне жануарымен бірге барып, өтініш жасауы қажет. Жануар иесі өзімен бірге жеке куәлік, ұялы телефон және жануардың ветеринариялық паспортын ала келуі тиіс. Егер жануардың паспорты болмаса, оны барған емханада жасата алады", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ үй-үйді аралап тексеру жұмысы жүргізіледі. Келесі нөмірлер бойынша өтініш беруге болады:

  • Алатау ауданы – 8 (707) 123-49-00;
  • Алмалы ауданы – 8 (707) 123-49-00;
  • Әуезов ауданы – 8 (747) 438-38-87;
  • Бостандық ауданы – 8 (707) 123-49-00;
  • Жетісу ауданы – 8 (707) 123-49-00;
  • Медеу ауданы – 8 (707) 123-49-00;
  • Наурызбай ауданы – 8 (747) 438-38-87;
  • Түрксіб ауданы – 8 (747) 438-38-87.